Медицина саласында кадр тапшылығы өзекті. Бүгіндері еліміздің емдеу мекемелеріне 7 мыңнан астам дәрігер жетіспейді. Бұл жайында «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«2007-2017 жылдар аралығындағы кезеңде педиатриялық факультеттерге талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмады. Бұл мамандардың тапшылығына әкелді. Әсіресе, стационар деңгейіндегі мамандарға және арнайы бейінді мамандардың тапшылығына (балалар реаниматологтары-анестезиологтары, кардиологтар, пульмонологтар, гастроэнтерологтар) қатты әсер етті», — деп жазылған тұжырымдамада.
Әсіресе, анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, педиатрлар, неонатологтар, балалар инфекционистері қажет. Жалпы ел бойынша қажеттілік — 7 606 адамды құрайды. Қалаларға 6 468, ауылдарға 1 138 маман керек.
Тағы оқыңыз: Жаңадан ашылған дүкен лицензиясыз алкоголь сатқан