зағип жандар

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары зағип жандарға арналған білезік жасап шығарды. Шағын қондырғы алдағы кедергіні анықтауға көмектесіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың кез-келген ортада кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі күні елімізде көз жанарынан айрылған 90 мыңға жуық адам тіркелген. Жоба авторлары олардың өмірін зерттеп, осындай білезік ойлап тапқан.

«Жобамыздың мақсаты – қауіпсіз және қолжетімді құрылғы жасау. Оның көмегімен зағип жандар далада өздері жүре алады. Білезік ультрадыбыстық сәуле шашып, қайта қабылдау арқылы жұмыс істейді. Осылайша, адамның жанындағы заттың қаншалықты жақын тұрғанын анықтайды», — дейді  жас өнертапқыш Дарина Елпанова.

Шағын ғана құрылғы 70 сантиметр қашықтықтағы кедергіні анықтап, дыбыстық белгі береді. Адам нысанға жақындаған сайын, сигнал үдей түседі.

Ұлан Төлетаевтің көз жанарынан айрылғанына 20 жылға жуықтаған. Өзгенің көмегінсіз көшеде жүре алмайды. Ол оқушылар жасап шығарған білезікті сынап көрді.

«Білезік маған өте ұнады. Мектеп оқушылары үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Тек жетілдіру қажет. Құрылғы таяққа бекітілетіндей етіп жасалса жақсы болар еді. Сонда адамның екінші қолы бос болады. Жоба авторлары менің ұсыныстарымды ескеретіндігін айтты», — дейді қала тұрғыны Ұлан Төлетаев.

Құрылғының ішкі бөлігі ультрадыбыстық сенсордан, ардуинодан, батареядан тұрады. Болашақта GPS пен SOS батырмасы қосылады.

Тағы оқыңыз: Биыл «Көкшетау – Кішкенекөл – Омбы» тасжолының проблемалық бөлігі жөнделеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x