көктемгі егіс науқанына шалақындық диқандар сақадай сай

Алдағы көктемгі егіс науқанына шалақындық диқандардың техникасы 100%-ға әзір. Биылғы жылы шаруаға әртүрлі модификациядағы 861 трактор, 1059 астық сепкіш және 65 заманауи жоғары өнімді егіс кешені қатыспақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ағымдағы жылы Шал ақын ауданында егістік алқаптарының жалпы аумағы 246,3 мың га құрайды. Оның ішінде 182,8 мың га жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 52,2 мың гектарға майлы дақылдар себіледі. Жем-шөпті 8,6 мың га, картопты 2,5 мың га алқапқа егу көзделіп отыр. Айта кетсек, биыл картоп өткен жылғыдан 400 га жерге көбірек жерсіндірілмек. Сонымен қоса, көкөністер 0,2 мың га алқапқа егіледі. Маңызды науқанға 1014,3 тонна элиталық тұқым сатып алынды. Сұрыпты жаңарту 4,25%-ды құрайды.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және топырақтың құнарлылығын сақтау мақсатында 2023 жылы шамамен 240,9 мың га алқапта 10,8 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыштарды сатып алу және топыраққа енгізу көзделген. Биыл 204 мың га алқапта арамшөптерге қарсы, 55,0 мың га жерде зиянкестер мен аурулардан қорғану іс-шараларын жүргізу жоспарлануда», – деді Шал ақын ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Сейітжан Қамытбеков.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жас өнетапқыштар зағип жандарға арналған білезік ойлап шығарды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x