Уәлиханов ауданында «Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылды

Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды шара өтті. Мұнда концерттік бағдарламадан бөлек, «Салт дәстүрім — таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көпұлтты еліміз үшін 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңызы зор. Сондықтан оны барша сән-салтанатпен атап өту әдетке айналған. Бұл игі дәстүрден уәлихановтықтар да қалыс қалмады. Мұнда «Қазақстан – достықтың берік тұғыры!» атты ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Уәлиханов ауданында «Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылды

Уәлиханов ауданында «Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылды

Кішкенекөл аулының орталық алаңында «Салт дәстүрім-таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылып, онда 10-нан астам ұлттың салт-дәстүрі көрсетілді. Бұдан бөлек, этно мәдени бірлестік өкілдері дастархан жайып, жиналғандарға өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынды.

Уәлиханов ауданында «Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылды

Уәлиханов ауданында «Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылды

Кейін қазақ, қырғыз, орыс, неміс, әзірбайжан, украин, өзбек, кәріс, молдаван, татар және халық достығы деп бөлінген фестиваль қатысушылары сахнада өз өнерлерін көрсетті. Шалқыған ән, күмбірлеген күй, мың бұралған бишілердің биі халықтың көңілінен шықты.

Уәлиханов ауданында «Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылды

Фестиваль қортындысы бойынша үшінші орынға өзбек және неміс ұлтының өкілдері жайғасты. Екінші орын қазақтар мен кәрістерге бұйырды. Ал бірінші орынды украин ұлты жеңіп алды. Белсенділік танытқан өзге қатысушылар да түрлі марапаттарға ие болды.

Уәлиханов ауданында «Салт дәстүрім - таусылмайтын байлығым» атты фестиваль ұйымдастырылды

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көш соңында

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x