футбол

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалы аясында «Qyzyljar» футбол клубы өз алаңында талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады. «Жастар» стадионында өткен кездесу жерлестеріміздің пайдасына шешілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Күнделікті жұмыс күні екеніне қарамастан, «Жастар» стадионына жиналған жанкүйерлердің қарасы қалың болды. «Қызылжар» футбол клубы ойынның 11-ші минутында-ақ, алға суырылып шықты. Араға 22 минут уақыт салып жергілікті аяқдопшы Тимур Мульдинов есепті еселеді. Екінші таймда да «Қызылжар» футбол клубы лайықты ойын өрнегін көрсетті. Кездесудің 82-минутында қызылжарлық шабуылшы Артем Черединов қарсыластар қақпасына кезекті голын соғып, ойынға нүкте қойды. Осылайша, қорытынды есеп – 3:0.

«Бұл кездесуге мықтап дайындалдық. Нәтижесінде сенімді жеңіске қол жеткіздік. Жанкүйерлерге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар жұмыс күніне қарамастан стадионды толтырып, лайықты қолдау көрсетті», — дейді «Qyzyljar» ФК шабуылшысы Тимур Мульдинов.

Енді қос команда арасындағы қарымта кездесу сәуірдің 29-ы күні өтеді. Бұл жолы «Қызылжар» футбол клубы Талдықорғанға қонаққа барады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x