Биыл Шал ақынның туғанына 275 толып отыр. Осыған орай Сергеевка қаласындағы мәдениет үйінде «Біздің елдің жігіттері» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Концертте Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов жиналғандарды мерейтоймен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, Тілеуке Құлекеұлының ақындық поэзияның қалыптасып, өркендеуіне сүбелі үлес қосқанын атап өтті.
«Суырыпсалмалық қасиеттің арқасында Тілеуке Құлекеұлы небәрі 15 жасында атақ-даңққа ие болды. Халық оны сол кездің өзінде Шал ақын деп атап кетті. Өйткені, ол жасына қарамастан, парасаты мен тапқырлығымен көзге түсе білді. Арада 200 жылдан артық уақыт өтсе де, біз, шалақындықтар, көрнекті жерлесіміздің еңбегі мен көреген даналығын ұмытпай, мақтан тұтамыз», — деді Рахат Смағұлов.
Бұл күні Дәстен Баймұханов, Әлібек Серғалиев, Тимур Айтқожин, Нариман Жолдасбеков, Дархан Жарасов пен Тамирлан Сахатов, «Балқадиша» фольклорлық ансамблі сынды жергілікті өнерпаздар отырғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы экологиялық жағдай тұрақты — Нұркен Шәрбиев