[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/WhatsApp-Image-2023-04-06-at-17.24.20.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Он саусағынан өнер тамған жандардың бірі — Ақмарал Мактумкулова. 26 жасар нәзікжанды тапқырлығы мен еңбекқорлығының арқасында Петропавлда бірнеше кәсіпті дөңгелетіп отыр. Тігіншілікті жанына серік еткен келіншек білгенін өзінен жасы кіші қыздарға да үйретіп жүр. Qazaqstan Media тілшісі Ақмарал Мактумкуловамен тілдесіп, кәсіпкерлікті қалай бастағандығын білді.
Талапты жан мамандығы бойынша химия пәнінің мұғалімі. Бүгінде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде оқытушы болып қызмет етеді. Алайда, мұнымен шектеліп қалмай, қатарынан бірнеше бизнесті де қолға алған. Соның ішінде тігіншілік өнері бір төбе. Айтуына қарағанда, бұл істі бастау туралы ой үш ұйықтаса да, түсіне кірмеген.
«Өмірдің сынақтары тігіншілікті маған психолог ретінде жібергендей. Жолдасым оқыс жағдайда қаза болып, стресте жүрген кезімде тігін тігу арқылы сабырға келетінмін. Содан бері 2 жыл уақыт өтіпті. Ең алғаш қызымның «Тұсаукесеріне» арнап екеуімізге қазақи үлгідегі кәжекей мен шапан тіктім. Қазіргі таңда тақиялар, корсет, шапандар, үйге арналған шторлар тігемін», — дейді Ақмарал Мактумкулова.
Қазақи нақыштағы дүниелерге тапсырыс берушілердің қарасы қалың. Әсіресе, жастар нәзікжандының туындыларына көптеп қызығады екен. Тағы айта кетерлігі, Ақмарал жуырда теріскейліктерге арнап тігін курсын жүргізуді бастады. Шеберлік сағаттары 12 жастан асқан жандарға арналған. Онда тақиядан бастап, пальто тігудің қыр-сырларына дейін үйретіледі.
«Өзімнің онлайн дүкенім де бар. Бұл кәсіпті бастағаныма 2 жыл болды. Қыз-келіншектерге арналған киім-кешектер сатамын. Заттарды Түркия және Қытайдан алдыртамын, егер өзіміз шет елден алуды үйренгіміз келеді десе арнайы оқытатын курсым да бар», — дейді талапты жан.
Алайда, бұл Ақмарал Мактумкулова қолға алған кәсіптің бір бөлігі ғана. Сөзінше, қазір айлыққа қарап отыратын заман емес. Сол үшін мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, басқа да салаларда еңбек етіп көру қажет. Ең бастысы – бүгінгі істі ертеңге қалдырмау керек дейді ол. Әр істі өрге дөңгелетіп әкететін келіншек жуырда шаурма сату бизнесін де бастаған.
«Шаурма ойда-жоқта ашылған бизнес болды. Ойыма келген істі жасап көргім келіп тұрады. Қазіргі таңда барлық бизнестерімді қоса алғанда 10 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Алдағы уақытта тағы жұмысшылар алу ойда бар», — дейді Ақмарал Мактумкулова.
26 жастағы келіншектің туған жері – Ақтау қаласы. Жоғары оқу орнын Петропавлда тәмамдаған. Маңғыстаудың келіндері сияқты қазақи болып жүремін деп Instagram желісін «Петро Келін» деп өзгертіп алған екен. Айта кетсек, Ақмарал блогын таза қазақ тілінде жүргізеді. Яғни, желіге мемлекеттік тілде түсірілген видеолары мен жазбаларын жариялап отырады. Оқырмандары да бейнежазбаларын сүйсіне қарайтын көрінеді. Себебі, біздің өлкеде қазақ тілді блогерлер жоқтың қасы.
«Оқырмандарым блогты қазақша жүргізгенімді қалайды. Арасында мені қарайтын орыс ұлтының өкілдері де бар. Осы блогым арқылы млн.дап қосымша табыс тауып отырмын. Петропавлдағы «Қазақ тілді Блогер» деген де атым бар. Арасында жарнамаларға да ұсыныстар түсіп жатады», — деп түйіндеді Ақмарал Мактумкулова.
Тағы оқыңыз: Биыл облыста 4100 га жерге 23 млн көшет отырғызылады
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]