[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/61cf7edc-7100-464c-8165-b9ad829505cb-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» custom_padding=»||0px|||» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Облыс орталығында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ойқала ықшам ауданындағы үйлердің маңында өскен қамыс шабылып жатыр. Жалпы бұл жұмыс қаланың басқа да аудандарында іске асырылмақ. Шамамен 250 гектар жерде қураған шөп шабылмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының сөзінше, құрғақ шөп жанып, қызыл жалынның жеке тұрғын үйлерге тарап кету фактілері жиі кездеседі. Былтыр ондай 3 оқиға тіркелген. Мәселен, Қапай шағын ауданында қоқыс тастайтын орын өртеніп салдарынан, 3 үй толығымен күйіп кеткен. Өйткені, шөп уақытылы шабылмайды. Ал оны өртеген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Былтыр мұндай 100-ден астам адам анықталды.

«Жеке тұрғын үйлердің маңындағы құрғақ шөпті күйдірген азаматтар ҚР-ның Әкімшілік құқықтық кодексінің 410 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Мұнымен қоса, кейбір тұлғаларға 336-шы бапқа сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін»,-дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Даниэль Саркисян.

«Қураған шөпті шабу бойынша жұмыстар «Ойқала» ықшам ауданы, Жұмысшы және Былғары зауыты кенті мен саяжайларда жүргізілмек. Алдағы уақытта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және оттың әрі қарай таралмауын қамтамсыз ету мақсатында жерді жырту жұмыстарын жүргізу қарастырылып жатыр»,-дейді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

Тағы оқыңыз:Биыл облыста 4100 га жерге 23 млн көшет отырғызылады

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x