Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Өңір басшысының қабылдауына келгендер жеке мәселелерін айтып, сауалдарын жолдады. Айдарбек Сапаров әр мәселенің назарда болатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Есіл ауданының тұрғыны Алмагүл Қожахметова ауыл шаруашылығымен айналысады. Келіншектің шаруашылығында 135 бас ірі қара мал бар. Бұдан бөлек, 119 гектар жер және 50 гектар шабындық алқабы бар. Былтыр қосымша 50 гектар жайылым жер алу үшін әйел конкурсқа қатысқан. Алайда, құжаттары дұрыс болмай жер ала алмаған.

“Құжаттардың барлығын жинадым. Бизнес-жоспар да құрдым. «Атамекен-Агроға» да барып, көмек сұрадым. Анам екеуміз күнде 185 литр сүт сауып, тапсырамыз. Малды күтіп, баптаймыз. Өкінішке орай, конкурстан өтпей қалдым”,-дейді Есіл ауданының тұрғыны Алмагүл Қожахметова.

Айдарбек Сапаров мәселені шешу үшін бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовке және аудан әкіміне бірқатар тапсырма берді. Келесі болып облыс әкімінің қабылдауына Аққайың ауданының тұрғындары Нажиба Кокиева, Любовь Павлик және Зәуреш Әубәкірова келді. Олардың айтуынша, Смирново ауылында дәл үйлердің жанында кәсіпорындар орналасқан. 2019-шы жылы Экология Департаментінің мамандары елді мекенге барып, тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде санитарлық қорғау аймағы орналастырылмағаны анықталды. Ауыл халқы өз денсаулығы мен өмірлеріне алаңдап осы мәселені шешуді сұрады. Облыс әкімі аталмыш сұрақтың мән-жайын анықтау және шешім қабыладу мақсатында арнайы комиссия құрып, тиісті талдау жүргізуге тапсырма берді. Жалпы, бұл күні жеке қабылдауға 11 солтүстікқазақстандық тұрғын-үй, жер, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік сынды мәселелерімен келді. Өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров көтерілген әр мәселенің назарда болатынын жеткізді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x