[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/DAE97809-D9BB-4CC7-B21A-F6E24CD6D858.jpeg» title_text=»DAE97809-D9BB-4CC7-B21A-F6E24CD6D858″ align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Елімізде ұстаздар күні әлемнің 100-ден астам елі тойлайтын Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Енді олар кәсіби мерекелерін қазанның 5-і күні тойлайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес елімізде мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланатын. Енді бұл датаны мерекелеу әлемнің 100-ден астам елінде 5 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік Мұғалімдер күнімен тұспа тұс келіп отыр. Өзгеріс жайлы Үкімет тиісті қаулы қабылдады.
«Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі», — делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]