[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/eceee5a7-8dd6-4198-bcf0-29245f632f4c-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Полицейлер есірткі саудасымен айналысқан солтүстікқазақстандықты ұстады. Оның Ақмола облысында есірткі таратумен айналысқаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Күдікті полиэтилен орамасын жасыру кезінде ұсталған. Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, СҚО тұрғыны көрші өңірге әдейі есірткі тарату мақсатында барған. Ер адам «Telegram» каналы арқылы гашиш сатып алып, кейін белгіленген жерге есірткіні жеткізген.Тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтау кезінде одан 16 полиэтилен орамасын тауып, тағы 13-ін ұсталған азаматтың жалдаған пәтерінде анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша «Есірткі зттарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]