[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/144d18454e76783ab345cd53c36f68da.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Петропавлда құрдастарының тарапынан қарулы шабуылға ұшыраған оқушылар ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігіне сілтеме жасап.
Отырыста Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір басшысынан: «Жақында оқушыларға жасалған шабуылдан кейін мектептердің қауіпсіздігін күшейту үшін қандай шаралар қабылдадыңыздар?» — деп сұраған еді.
«Біріншіден, балалардың жағдайы туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіз. Бүгінгі күні олардың барлығы ауруханадан шығарылды. Жағдайлары орташа. Дәрігерлік консультациялық комиссия үйде күтуді ұсынды. Мәселе тұрақты бақылауда», — деп жауап берді облыс басшысы.
Айдарбек Сапаровтың атап өтуінше, облыста 630 білім нысаны, оның ішінде 465 мектеп бар. Мектептерде 75 мың бала білім алады.
«Ұйымдар бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Петропавл қаласында Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына талап етілген барлық 79 нысан қосылған. Аудан орталықтарында да камералар полиция бөліміне шығарылған. Дабыл түймелері 178 нысанда орнатылған. Сонымен қатар дабыл түймелерін қосымша орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді ол.
Еске салайық, 13 ақпан күні Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, 3 оқушыны жарақаттады. Кейін зардап шеккен екі балаға ота жасалды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]