[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-13-at-10.39.34-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Бүгін Петропавлдағы №4 орта мектептің 3 оқушысына шабуыл жасалды. Оларға 9 сынып оқушысы балтамен тап берген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Белгілі болғандай, таңертең 9 сынып оқушысы сөмкесіне балта мен пышақ салып алып келген. Кейін дәретхана кіріп, қаруды алып шығып 3 оқушыны жарақаттаған. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
«Балаларға шабуыл жасаған Д. есімді оқушыны полицейлер ұстады. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 24 б. 3 т. – 99 б. 2 т. 1б.14б. (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша іс қозғалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің психдиспансерде есепте тұрғандығы анықталды», — деді Петропавл қаласының прокуроры Арман Нұртазин.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]