[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/63f59d6f6010d026517813.jpg» title_text=»63f59d6f6010d026517813″ _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Біздің облысқа жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май бөлінгенде өңірдің ауа райы есепке алынбаған. Осының салдарынан егіншілікпен айналысатын 3,5 мың диқан көктемде бірқатар қиындыққа ұшырап келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, өңір диқандарына арзандатылған дизель отыны климаттық жағдайлар есепке алынбай бөлінген. Бұл мәселені жанар-жағармай материалдарының операторлары көтерді.

«ҚР Энергетика министрлігі өңір фермерлерінің маусымдық дала жұмыстарына қажет дизель отынының көп бөлігін Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөліп келген. Ал оның техникалық сипаттамалары елдің солтүстік өңірлерінің ауа-райына сәйкес келмейтіні белгілі. Салдарынан жанар-жағармай қатып қалып, көктемгі дала жұмыстарының кешеуілдеуіне, қымбат шетелдік ауыл шаруашылығы техникасының істен шығуына әкеп соқтырды. Жыл сайын облыстың 3,5 мыңға жуық шаруасы осындай проблемаға ұрынып келген», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Енді бұл мәселе шешімін тауып отыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында ведомствоаралық жұмыс кеңесін ұйымдастырды. Онда жоғарыда аталған мәселе ҚР Энергетика министрлігі басшылығына жеткізілді. Нәтижесінде, бейінді министрлік осы жылғы көктемгі дала жұмыстарына солтүстік өңір үшін неғұрлым бейімделген Павлодар мұнай-химия зауытынан 53 мың тонна дизель отынын бөлу туралы шешім қабылдады. Қалған қажет мөлшер — 20,6 мың тонна, күн жылынысымен мамыр айында Атырау мұнай өңдеу зауытынан жеткізілетін болады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x