Өңірде өтіп жатқан фестиваль аясында Темірбек Жүргенов жайлы жаңа кітап жарық көрді

Қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына орай өңірімізде театр фестивальі өтіп жатыр.  Фестиваль аясында елімізге белгілі жазушы, публицист, тарих ғылымының кандидаты  Бейбіт Қойшыбайдың мемлекет қайраткері Т. Жүргеновтың есімін ұлықтайтын  «Комиссар Жүргенов» атты жаңа кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Алқалы бас қосуға зиялы қауым өкілдері, руханият жанашырлары, жазушылар қатысты.  Олардың қатарында   кітаптың жарық көруіне түрткі болған, оған арнайы тапсырыс берген  «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың» төрағасы Сәби Аңсат та  бар.  Жиынға арнайы келген қонақтар  Темірбек Жүргеновтың бір ғана қазақ емес, бүкіл түркі халықтарының тарихындағы орны ерекше екенін,  қайраткердің Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан мемлекеттерінде  Халық комиссары қызметін атқарған тұста  оқу-ағарту мәдениет пен өнер саласын жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.

« «Мен Комиссар» романы «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор» үшін олжа болды. Оның олжа болатыны, Алла тағала сәтін салып, қайтсем роман жаздыртамын, спектакль дүниеге келсе екен деп алдыма мақсат қойдым.  «Т.Жүргенов»  деген спектакльді Рақымжан Отарбаев жазып берді.»,-деді  Сәби Аңсат

Жаңадан жарық көрген туындыда Темірбек Жүргеновтің тартысқа толы тағдыры, ел игілігін көздеген жанқиярлық еңбегі, қуғын-сүргінге түскен отбасының ахуалы нанымды суреттелген.  Сонымен қатар онда білім ордалары мен іргелі оқу орындарының ашылуына сеп болған, ұлттық өнердің жаңа тынысы ашқан Халық ағарту комиссары, тау тұлға туралы тың деректер жинақталған. Тарихи мәні зор еңбектің авторы, Бейбіт Қойшыбайдың айтуынша, ол туындыда  бір адамның тағдыры, Темірбек Жүргеновтың образы арқылы тұтас бір халықтың жүріп өткен тарихын, басынан кешкен тауқыметін беруге тырысқан.

 «Кезең таныс болғандықтан қолға алдым. Шынында, қысқа мерзімде жазып шығуға тура келді.  Ондағы мақсатым, жекелеген адамның тағдырыменен тарихты үйрету, тарих туралы әңгіме қозғау. Жас оқырманға ол пайдалы деп ойлаймын, өйткені, ғылыми әдебиет көп, көп зерттеу болды. Бірақ оның бәрін жастар оқи бермейді, жастар жеке азаматтардың, қайраткерлердің тарихын оқып үйренсе, еліміздің де тарихынан мағлұмат алады.»,- деді Қойшыбай.

2023 жыл «Turksoy» халықаралық ұйымының шешімімен түркі әлемінде «Жүргенов жылы» болып жарияланды. Соның негізінде  мәдениет қайраткері туралы жазылған еңбек, «Комиссар Жүргенов» кітабы бірнеше тілде басылып жатыр.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x