[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/13414766-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

СҚО-да жидек теріп жүрген әйелді атып өлтірген адаммен бірге болған тәртіп сақшысына сот үкім шығарды. Енді экс-полиция қызметкері 5 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыдан 2-3 күн бұрын ғана сот 49 жасар Алтынай Мұздақбаеваны атып өлтірген Сергей Лосеняны 3 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ал бүгін Мамлют аудандық соты аңшының қасында болған учаскелік инспектор Қабай Әлтиевке үкім шығарды.

«Учаскелік инспектор өз кінәсін мойындамаса да, оның іске қатысы бар екендігі толық дәлелденген. Қызметтік антын бұзып, мас күйде болғаны қылмыс жасауды ауырлататын мән-жайлар деп танылды», — деді Мамлют аудандық сотының судьясы Азамат Дүйсенов.

Прокурорлар экс-полиция қызметкерін 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бірақ соттың шешімімен Қабай Әлтиев алдағы 5 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады. Ол қауіпсіздігі орташа деп танылған мекемеде жазасын өтейді. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істей алмайды. 

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x