[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/image-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Әйелдердің зейнет жасын ұзарту мәселесі қоғамда біраздан бері талқыланып жүрген болатын. Көпшілік 63 жасқа дейін жұмыс істеу нәзік жандыларға ауыр дегенді көтерген. Мемлекет басшысы өзінің былтырғы халыққа арнаған жолдауында бұл тақырыпқа нүкте қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Президент өзінің былтырғы Жолдауында әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалатынын мәлім етті. Бұған нәзікжандылар қауымы ризашылықтарын білдіруде. Бұрынғы заңға сәйкес, әйелдердің зейнет жасы 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен ұлғайып, 63 жасқа дейін жетуге тиіс еді. Осылайша, ерлер де, әйелдер де құрмет демалысына бір жаста шығады деп жоспарланған болатын. Алайда, Президенттің пәрменімен көптің көңілінен шыққан шешім қабылданды. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, бүгінгі күні өңірде 101 670 зейнеткер бар. Олардың 67 368 – нәзіжандылар. Құрметті еңбек демалысына шыққан әйелдердің негізгі бөлігі облыс орталығында тұрады. Петропавлда 30 мыңға тарта әйел тіркелген. Ал аудандар арасында Қызылжар, Айыртау мен Тайыншаның үлесі басым. Аталған аудандардың әрқайсысында 4100-ден астам зейнеткер нәзікжанды тұрады.

«Әйел адамдармен кездесулер өткізу барысында олар зейнет жасына қатысты өз наразылықтарын білдірген болатын. Президентіміз бұл сұрақтың нүктесін қойды. Енді нәзікжандылар 2028 жылға дейін 61 жасында зейнетке шығатын болады. Қуанып отырмыз», — дейді облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрайымы Сәуле Сұрағанова.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x