Қызылша: белгілері, анықтау жолдары мен емі

Петропавлдағы көпбейінді инфекциялық балалар ауруханасында қазіргі уақытта 17 бала қызылша ауруынан емделіп жатыр. Олардың барлығы қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Емделушілердің 10-ы бір жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылша ауруы кәдімгі ЖРВИ сияқты басталады. Алғашында балаларда дене қызуы көтіріліп, жөтел болуы мүмкін. Мамандардың сөзінше, бұл уақытта адамда қызылша ауруы екенін анықтау қиын. Ал 4-5-ші күні баланың денесінде біртіндеп бөртпе пайда болады. Алдымен баланың көзі мен құлағының айналасына шығады. Кейін дененің жоғары бөлігінен төменге қарай түседі.

«Алғашқы ауру белгілері байқалғанда оны тұрғындар кәдімгі вирустық инфекция деп ойлап, үй жағдайында ем қабылдайды. Тек денесіне бөртпе шыққанда ғана ауруханаға жүгінеді. Алайда, қызылшаны ерте анықтаудың жолдары бар. Баланың тістерінің түбінде, ауыз қуысының шырышты қабығында ерекше бөртпенің пайда болуын байқасаңыздар бұл қызылша ауруының басталып жатқанының белгісі.  Және бірден мамандарға жүгіну арқылы емді бастауға болады», -дейді инфекционист дәрігер Наталья Суслова.

Қызылша ауруын уақытылы емдемесе отит, жедел бронхит, пневмония түріндегі асқынулар болуы мүмкін. Жағдай тіптен нашарласа  менингит және менингоэнцефалит ауруларына ұласуы ықтимал. Сол себепті де мамандар вакцинадан бас тартпау керек екенін ескертеді. Қызылша ауа тамшылары арқылы жұғады. Ауырған бір адам вирусты жанындағы 12-18 адамға жұқтыруы мүмкін.

«Біздің ауруханада жатқан 17 баланың барлығы қызылшаға қарсы екпе алмаған. Олардың 10-ы бір жасқа дейінгі балалар. Әлі кішкентай болғандықтан нәрестелерге екпе қойылмайды. Ал қалған 7-еуі түрлі себептерге байланысты вакцина алмаған. Ауырып жатқан 3 бала Қызылорда қаласына қонаққа барып жұқтырған. Ал 1 бала керісінше бізге Шымкенттен қонаққа келген», — деді спикер.

Қызылшамен ауырып не жазылған адамда өмір бойына иммунитет сақталады. Анасы қызылшамен ауырған болса, жаңадан туылған сәбиге 3 айға дейін бұл ауру жұқпайды екен. Ал қызылша ауруына қарсы екпе алған адам мүлде ауырмайды, егер жұқтырсада жеңіл түрде өтеді.

Тағы оқыңыз:Қате ақпарат таратқан журналистер заң алдында жауап беруі мүмкін

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x