Қазақстанда наурыз айына пойыз билеттерін алдын ала сатып алу әлі мүмкін болмай тұр. Оған себеп, 1-ші наурыздан бастап уақыттың ауысуы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Теміржол көлігіне келесі айға билет алу бойынша сұрақты редакция Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне жолдаған болатын. Ол жақтан билеттер әлі сатылымға шықпағанын жазыпты.
«Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап уақытты ауыстыруға байланысты Қазақстанда теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату поездар қозғалысының кестесін нақтылау кезеңіне уақытша тоқтатылды.
Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп поездар қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізу мәселесі пысықталуда.
Сонымен қатар тәулік бойы жұмыс істейтін «Жолаушылар тасымалы» АҚ анықтама қызметі 1433 екенін хабарлаймыз», — деп жауап берді министрлік.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Ербол Хамитовты әлем кубогының қола жүлдесімен құттықтады