СҚО әкімі Ербол Хамитовты әлем кубогының қола жүлдесімен құттықтады

Солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Осынау жеңісімен спортшыны облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әлем кубогының екінші кезеңі 31 қаңтар күні Италияның Мартель қаласында бастау алды. Жарыстар ақпанның 4-іне дейін жалғасады. Онда 7 қазақстандық спортшы өнер көрсетуде. Солардың бірі – Ербол Хамитов. Жерлесіміз кеше пара биатлоннан 7,5 км қашықтықты 22:02.5 секунд уақытта бағындырып, үздік үштікке ілікті. 

«Солтүстікқазақстандық спортшы Ербол Хамитовты парабиатлоннан әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алуымен құттықтаймын. Әлем кубогының екінші кезеңі Италияда өтіп жатыр. Оған 18 елден 160 спортшы қатысуда. Біздің параатлет Ербол Хамитов өзінің спорттық жетістіктерімен жиі қуантады. Өткен жылы ол шаңғымен сырғанаудан әлем чемпионы атанды. Ерболға батылдығы, табандылығы және спорттағы жоғары жетістіктері үшін алғыс айтамын. Оған жаңа спорттық табыстар тілеймін!»,деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Жерлесіміз Ербол Хамитов қос украиналық спортшыға есе жіберген. Мәреге бірінші болып Тарас Рад жетті. Ол аталған қашықтықты 21:33.2 секундта бағындырды. Ал күміс жүлде Павло Балға бұйырды.  Спортшы 7,5 шақырымды 21:52.2 секундта жүріп өткен.

Тағы оқыңыз: Атышулы Сара Рамазанова айыппұл төлеп құтылатын болды

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x