[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-16-at-09.20.53-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» custom_padding=»||199px|||»]
Бүгіндері 1 милионнан астам қазақстандық несиесін төлей алмай отыр. Олардың мемлекет алдындағы борышы 32 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Елімізде несиесін төлей алмай отырғандардың саны 1 млн 400 мың адамды құрайды. Енді олар наурыздың 3-нен бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Еске сала кетейік, «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңы өткен жылдың соңында қабылданған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған маңызды құжат қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған. Банкроттық туралы рәсімнің 3 түрі бар. Біріншісі – соттан тыс жүзеге асады. Оған азаматтар тиісті шарттар бойынша өтініш береді. Банктер, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 миллион теңгеден аспауы тиіс. Екінші рәсім – сот банкроттығы. Бұл рәсімді қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына жұмыс істеп тұрған әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді. Ал үшіншісі, бұл – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп төлеу көзделеді.
«Бұл заңнаманың негізгі мақсаты — бүгінгі күні қарызынан арыла алмай жүрген ҚР азаматтарын қарыздарынан құтылуға көмектесу. Яғни, қарыздан барлығы құтылып, өмірін жаңа жолдан бастау. Айта кетерлігі, банкрот деп танылған азаматтардың өзіндік бір шектеулері бар. Яғни ол азаматтар соңғы 5 жылда несие ала алмайды. Соңғы 7 жылда өзін банкрот деп тани алмайды. Сонымен қатар, 3 жылға дейін қаржылық-бақылау мониторингіне түседі»,-дейді ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары Айбол Аманов.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]