Биыл Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға 135,4 млрд теңге жәрдемақы төленді. Осылайша, 540 мыңнан астам жанұя мемлекеттік көмекпен қамтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрдемақы кәмелетке толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға төленеді. Сонымен қатар 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар жанұялар да мұндай қолдауға ие бола алады. Бұл ретте ерлі-зайыптылардың табысы есепке алынбайды, яғни оған қарамайды. Еске салсақ, жәрдемақы мөлшері үстіміздегі жылдың1 қаңтарынан бастап 8,5%-ға артты. Мемлекеттік қолдау үйдегі бала санына қарай есептеледі.
«Көпбалалы отбасыларындағы:
— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде», — деп жариялады баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының диқандары күнбағыс егуге кірісті