Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар қатарында Петропавл да бар

Қазақстандағы ауасы ең лас елді мекендер белгілі болды. Оны 2023 жылдың 1-жартыжылдығын қортындылаған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ластанудың өте жоғары деңгейі Алматы, Астана, Қарағанды, Абай қалалары мен Бурабайда тіркелген. Ал, ластанудың жоғары деңгейі 23 елді мекенде анықталды. Олардың арасында Петропавл да бар. Бізбен бір қатарда Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Орал, Тараз, Талдықорған, Теміртау, Жезқазған, Ақтау, Қандыағаш, Хромтау, Сәтбаев, Рудный, Арқалық, Құлсары, Лисаковск, Түркістан, Талғар, қалалары тұр. Бұл тізімге Мақат, Индербор кенттері, Кеңкияқ, Жаңбай ауылдары да енген.

Көтеріңкі деңгейдегі ластану Атырау, Балқаш, Семей, Павлодар, Риддер, Аягөз, Ақсай, Көкшетау, Степногорск, Жаңатас, Жаркент, Қостанай, Жітіқара, Саран, Шемонаиха, Жаңаөзен қалалары мен Сазтөбе, Әуәзов, Қарабалық, Шұбаршы кенттерінде, Бейнеу, Қызылсай, Ганюшкино ауылдарында тіркелген. Ластанудың төмен деңгейі Атбасар, Щучинск, Алтай, Ақсу, Шу, Кентау, Қаратау, Қызылорда, Арал, Екібастұз қалаларында, Глубокое, Ақсу, Төретам, Әйтеке би кенттерінде, Қордай, Бөрлі, Ақай, Шиелі ауылдарында байқалған.

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік қызметшілердің теріс әрекетіне қатысты 6 шағым түсті

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x