Қазақстан мектептерінде балаларға ұлттық тағамдар ұсынылады

Қазақстанда мектеп мәзіріне 50 ұлттық тағам түрі енгізгілмек. Мұны ҚР Білім вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оның айтуынша, өңірде өндірілетін отандық өнімдерді пайдалана отырып, ұлттық тағамдарды мектеп тамағына қосу-балалардың денсаулығына жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ол үшін министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп Астана қаласының алты мектебінде «Ұлттық мектеп асханасы» пилоттық жобасын іске асыруды бастады. Жаңа модель мектепте тамақтану мәдениетін қалыптастыру үшін кезең-кезеңмен шаралар кешенін қарастырады.

«Әр мектеп оқушылардың «салауатты өмір салты мектебіне» айналуы керек. Онда олардың кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы Ұлттық тамақтану мәдениетін қалыптастыруға және мектеп мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан рацион, ежелгі тәжірибенің нәтижесі», — деді ҚР Білім вице-министрі.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x