Гуманитарлық көмек жеткізетін көліктер үшін ақылы жолдар тегін болады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.
2024 жылдың 24 сәуірінен 5 мамыр аралығында гуманитарлық жүк таситын көліктер үшін ақылы жолдарда жүру тегін болады. Бұл су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне қатысты.
«Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағыттын көрсету керек», — деп хабарлайды жауапты орган.
Айта кету керек, қазір су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге тек Қазақстаннан ғана емес, ТМД елдері мен шетелдерден де гуманитарлық жүк жеткізіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Ертең Қазақстанда «Наурыз» атты жаңа ипотекаға өтінім беру басталады