заңсы есірткі айналымы

Жыл басталғалы өңірде есірткі қылмысына қатысты 68 факті анықталды. Заңсыз айналымнан 22 келіден астам улы зат тәркіленген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың күзінде 31 жастағы қала тұрғынынан 11 грамнан астам α-PvP есірткісі табылды. Заңға қайшы әрекет еткен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша 3 жылға қамалды.

«Жыл басынан ҚР ҚК 296-бабы бойынша 44 адам ұсталды. Оның ішінде 4 адамға осы баптың 4-бөлігі бойынша жаза берілді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін есірткінің заңсыз айналымы бойынша 68 қылмыс анықталды, оның 20-сы — өткізу деректері. Зиянды затты таратумен айналысатын 98 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді. Заңсыз айналымнан 22 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды, 800 грамнан астамы синтетикалық есірткіге жатады», — деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Солтүстікқазақстандық полицейлер есірткі қылмысымен айналысқандар 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін еске салады.

Тағы оқыңыз: Жидек пен саңырауқұлақ тергендер салық төлейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x