Өңір жолдарының сапасы сын көтермейді. Өзгесін былай қойғанда, тіпті республикалық трассалардың тоз-тозы шыққан. Өйткені тиісті жұмыс жүргізілмейді. Мұндай пікірді аудандарды аралаған облыс әкімі Айдарбек Сапаров білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңір жетекшісі «Петропавл-Жезқазған» бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолда жүргізілген жөндеу жұмыстарын көрді. Былтыр аталған трассаның 6 шақырымын қайта қалпына келтіру үшін 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Мердігер компания бүгінгі күні соның 350 миллион теңгесін игерген. Шұңқырлар мен ойықтардан өту үшін жүргізушілер көп уақытын жұмсап, темір тұлпарларын үнемі жөндеуден өткізуге мәжбүр. Бір қызығы, асфальт төселген жолдың ескісінен еш айырмашылығы жоқ.
«Республикалық жолдардың барлығы шұңқыр-шұңқыр болып қалған. Жұмыс жоқ. Инспекция тексермейді. Бұл жұмыстың тиісті деңгейде іске асырылуы бізідң міндетіміз», — деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.