Солтүстік Қазақстанда «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» атты ауқымды профилактикалық акция өткізілді.  Ол «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және өңірдегі апаттылық деңгейін төмендетуге бағытталған, деп жазады Qazaqstan Media.

Іс-шара облыстық  прокуратура, әкімдік және полиция департаменті мамандары және еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдерінің басын қосты. Ол облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында ұйымдастырылды. Мамандар апат жиі орын алатын автожол учаскелерінде, бақылау-өткізу бекеттерінде, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында, сауда үйлерінде, базарларда және басқа да қоғамдық орындарында  халықпен кездесті. Жол қозғалысына қатысушылармен жол қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық сипаттағы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар, акция аясында ұсақ жол-көлік оқиғаларын «еурохаттама» арқылы (қосымша арқылы, полиция қызметкерлерін шақырмай) рәсімдеу тәртібін түсіндіруге ерекше көңіл бөлінді.

Жолдардағы заң мен тәртіп: СҚО-да жолдағы қасуіпсіздікке арналған ауқымды акция өтті
Жолдардағы заң мен тәртіп: СҚО-да жолдағы қасуіпсіздікке арналған ауқымды акция өтті

«Жол қозғалысының қауіпсіздігі әр адамнан басталады. Ал қарапайым ережелерді сақтау адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді»-дейді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мамандары.

Статистикаға келсек, 2025 жылы СҚО жолдарында 593 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 47 адам қаза тауып, 793-тен астамы жарақат алды. ЖКО-ның 90%-ында негізгі себеп – жүргізушілердің кінәсі. Оның ішінде 8 оқиға мас күйінде көлік басқарған жүргізушілердің қатысуымен болған.

2026 жылдың басынан бері облыс аумағында 21 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Оның салдарынан 6 адам қаза тапқан. Ішінде кәмелетке толмағандар бар.  28 адам түрлі жарақат алды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *