Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынған қаржыны жаңа 72 мектептің құрылысына аудару тетігін бекітті. Түзетулер енгізілген қаулыға Әлихан Смайылов қол қойды. Бұл жайында Премьер-Министрдің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қаперге салсақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған еді.

«Мектеп салу Үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттердің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңгетүстіСонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 млрд теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға және тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шаруалар субсидиядан қағылуда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x