[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/8460503_84_0_4303_2373_2072x0_60_0_0_6facd153952810fb96c6f9b874c752fc-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Алдағы уақытта жеке куәлігін жиі жоғалтатын қазақстандықтар салықты көбірек төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
ҚР азаматы жеке куәлігін жасату немесе ауыстыру кезіндегі мемлекеттік баж 0,2 АЕК құрайды. Бірақ депутаттар Салық кодексіне өзгертулер енгізу туралы бастама көтерді. Олар жеке куәлікті жылына екі реттен артық жоғалтатындарға мемлекеттік баж салығын арттыруды ұсынып отыр. Сөйтіп, жоғалған жеке куәлікті қалпына келтіруге өтініш берген қазақстандықтар 1 АЕК (2023 жылы – 3 450 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлейтін болады. Депуттардың пікірінше, мұндай жаңашылдық азаматтарды жеке басын куәландыратын құжаттарға ұқыптылықпен қарауға итермелейді.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]