Жаңа баспана бағасы 4,4 % қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы өткен айдағы жылжымайтын мүлік нарығы туралы мәліметтерді жариялады. Олардың айтуынша, тамыз айында қазақстандықтар 11 000-ға жуық екі бөлмелі пәтер сатып алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде бір айдың ішінде 11 мыңға жуық екі бөлмелі пәтер сатылған. Бұл жыл басынан бері рекордтық көрсеткіш деп хабарлайды ҰСБ баспасөз қызметі. Тамыз айында елімізде барлығы 38 810 пәтер алу бойынша келісм-шарт жасалған. Көп жағдайда бұл көп пәтерлі тұрғын үй.

«Мәмілелер саны бойынша Астана – 6 679, Алматы – 5 928 және Қарағанды облысы – 3 705 көшбасшында тұр. Ең аз мәмілелер Ұлытау қаласында жасалды. 410 келісімге қол қойлыған. » — делінген ҰСБ хабарламасында.

Тұрғын үй бағасына келетін болсақ, 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда, жаңа үйлер 4,4% — ға қымбаттады, ал қолданыстағылар керісінше, 2,9% — ға арзандады.
Тұрғын үйді жалға алу құны да өсті. Өткен жылдың тамызымен салыстырғанда оның бағасы 17% — ға көтеріліпті. Сондай-ақ, оқу жылының басталуымен пәтер жалдайтындардың саны да артқан.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үш ауданның әкімі сайланады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x