жастарға қолдау

Үкімет мемлекеттік жастар саясатын күшейту аясында тиісті қаулы қабылдады. Нәтижесінде елімізде NEET санатындағы кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарға екі қолға бір күрек табуға көмек көрсетілетін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаулы «білімі жоқ және жұмыссыз» жастармен нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды. Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сонымен қатар жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді.

«Бұдан бөлек, Қаулыда жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін, сондай-ақ жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған. Бүгінде республикада NEET санатындағы жастардың үлесі 6,3%, бұл — Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Италия және басқа да елдердегі жағдаймен салыстырғанда, төмен көрсеткіш. Қазақстан Үкіметі NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдауда», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сепаратистік ұйымның  3 мүшесі қамауға алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x