Жамбыл аудандық ауруханасында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі ғимараттың желдету жүйесі жаңартылуда. Оған облыстық бюджеттен 75 млн теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жөндеу жұмыстары 23 сәуірде басталған. Қаріз шаруа 20%-ға тындырылған. Бүгіндері хирургия, босану, қабылдау бөлімшелерінің желдету жүйесі дайындалып, орнатылды.

«Жоспар бойынша жертөледе ауа қыздыру функциясы бар желдеткіш қондырғы орнатылады. Ғимаратта ауа айналымының толық циклі қамтамасыз етіледі. Бұл шешім аурухана ішіндегі микроклиматты жақсартуға, санитарлық талаптарға сай орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, ескі желдеткіш арналары қалпына келтірілмей, жаңа ауа арналарын тікелей бөлменің ішіне орнату жоспарланды. Бұл эстетикалық жағынан онша жақсы көрінбесе де, экономикалық тұрғыда тиімді жол ретінде таңдалды. Себебі, ескі арналарды тазарту көп шығынды қажет етеді», — деді Жамбыл аудандық ауруханасы директорының шаруашылық жөніндегі меңгерушісі Евгений Добшинский.

Бұл жұмыстар ғимарат ішіндегі ауа айналымын жақсартып, медициналық қызметкерлер мен емделушілер үшін қолайлы жағдай жасайды. Өйткені, 50 жыл бұрын салынған нысанның желдету жүйесі әбден ескірген.

Жамбыл аудандық ауруханасынның желдету жүйесі жаңартылып жатыр
Жамбыл аудандық ауруханасынның желдету жүйесі жаңартылып жатыр

«Аурухана 1974 жылы салынған. Содан бері желдету жүйесі жөндеу көрмеген. Соның салдарынан қабырғалардың ішіндегі арналар бітеліп қалып, ауа айналымы бұзылып, ылғалдылық күшейді. Осы мәселені шешу үшін нысанда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды», — дейді Жамбыл аудандық ауруханасының директоры Бақыт Қашағанова.

Жөндеу жұмыстарымен қызылордалық «ОрдаЭнергоСтрой» ЖШС айналысуда. Мердігер компания қызметкерлері жұмыстардың уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне ғимаратта орналасқан электр сымдары, жылыту, су құбырлары және байланыс желілері сияқты түрлі инженерлік коммуникациялар кедергі келтіруде. Дегенмен, олар шаруаны уақытылы аяқтаймыз деп отыр. Жоспар бойынша жұмыстар 22 тамызда аяқталуы тиіс.

 

Тағы көріңіз: Тіс дәрігері: балалардың тіс саулығы анасындағы құрсақтағы кезеңнен басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *