Балық шаруашылығымен айналысуға арналған су айдындарының санын 20-ға дейін көбейту керек. Сондай-ақ, су орындары белгіленетін аукциондарды жиі-жиі өткізіп тұру қажет. Бұл мәселерді кәсіпкерлер палатасында өткен жиында осы салада еңбек етіп жүрген солтүстікқазақстандықтар көтерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Балық шаруашылығымен айналысатын азаматтардың сөзіне сенсек, облыста су айдындарын белгілейтін аукциондар сирек өткізіледі. Оның үстіне, бір конкурсқа тек 10 орын шығарылады екен. Бұл әрине аздық етеді. Ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында мұндай жиын мүлдем ұйымдастырылмаған.
«Көлдерді жалға алатын азаматтар 2023 жылдың екінші тоқсанында бірден 2 аукцион өткізуді талап етіп отыр. Сонымен қатар, алдағы жиында шығарылатын су айдындарының санын 20-ға дейін арттыруды ұсынып отыр», — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі бөлімінің басшысы Ерік Уәлиев.
Тағы оқыңыз: Серік Малаев: Осылай жалғаса берсе келешекте ауылдарды дамытуға мүмкіндігіміз болмайды