Петропавлда спорт саласына ерекше көңіл бөлінуде. Қала үлкен өзгерістерге дайындалуда. Облыс орталығында бірнеше заманауи нысан салу жоспарланған: мұз аренасынан бастап жабық футбол стадионы мен балаларға арналған инклюзивті орталыққа дейін, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жоспарлар туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтып өтті. Оның сөзінше, жұмыстар бірнеше бағытта қатар жүргізіліп, жобалар бір мезгілге әзірленуде. Ең маңызды нысандардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті спорт орталығы. Оның құрылысы биыл басталады деп жоспарлануда.

Жоба «Қазақстан халқына» және «Самұрық-Қазына» қорларының қолдауымен жүзеге асады. Мұнда спорт залы мен бассейн салынады. Бұл балалардың жаттығып, дамуына мүмкіндік беретін орын болмақ. Сонымен қатар, Береке шағын ауданында дзюдо орталығын ашу жоспарланған. Орталық қонақүймен және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылады. Жобаны швейцариялық кәсіпкер қаржыландырады. Инвестиция көлемі шамамен 4 миллиард теңгені құрайды.

Жабық футбол стадионы, мұз аренасы, инклюзивті орталық: СҚО-ның спорт саласындағы ауқымды өзгерістер
Жабық футбол стадионы, мұз аренасы, инклюзивті орталық: СҚО-ның спорт саласындағы ауқымды өзгерістер

«Ең ауқымды нысандардың бірі – көпфункционалды мұз аренасы. Жоба сараптамадан өтті. Оның ішінде 400 метрлік коньки тебу жолы, екі хоккей корты, керлинг алаңдары, сондай-ақ жаттығу және хореография залдары болады», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Егер жоспар жүзеге асса, аренаны бір жыл ішінде пайдалануға беру көзделуде. Тағы бір ірі жоба – 7 мың 200 орындық әмбебап спорт аренасы. Қазіргі уақытта ол сараптамадан өтуде. Барлық нысанның аумағы 23–25 мың шаршы метрді құрайды. Ал ең күтілетін жобалардың бірі – 5 мың көрерменге арналған, екі алаңы және өз академиясы бар жабық футбол стадионы.

Егер бәрі ойдағыдай жүзеге асса, бұл Петропавлда іске асырылатын үшінші ірі жоба болады. Мұндай өзгерістер кәсіби спортты дамытуға ғана емес, оны қала тұрғындары үшін қолжетімді етуге де мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Наурызда уланудан сақтаныңыз

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *