Жаңа жыл күні Петропавлда 8 нәресте өмірге келді

2023 жылдың соңғы күнінде облыстық перинаталдық орталықта 10 әйел ана атанған. Ал 1-ші қаңтарда 8 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Динара Нұрғожина 4-ші сәбиін қаңтардың алғашқы түнінде өмірге әкелген. Айтуынша, дәрігерлер босанатын уақытын 10-шы қаңтарға белгілеген. Бірақ 30-шы желтоқсанда өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен.


«30-шы желтоқсан күні ауырып, жедел жәрдем шақырдым. Қан қысымым көтеріліпті. Негізі Жаңа жылды үйде қарсы аламын деп ойлағанмын. Босанатын уақытым, қаңтардың 10-ы болғасын алаңсыз болған едім. Бірақ қызым, Жаңа жылға сый болып келді. Есімін Рамина деп қойдым. Дәрігерлер жақсы күтіп жатыр», — дейді жас ана.

Жалпы Жаңа жыл түнінде облыстық перинаталдық орталықта 3 қыз дүниеге келген. Ал тәулік бойғы статистиканы алсақ, осы күні 8 нәресте дүние есігін ашқан. Оның ішінде 6 қыз бала. Ал 31-ші желтоқсан күні 10 әйел ана атанған.

«Перинаталдық орталық мамандарында мереке, демалыс күндері деген болмайды. Сондықтан штаттық режимде жұмыс істедік. 31-ші желтоқсанда 10 әйел босанды. 4 ұл мен 6 қыз бала дүниеге келді. Ана мен баланың денсаулығы жақсы болса, үйлеріне босатамыз. 30-шы желтоқсанда да, 2-ші қаңтар күні де үйлеріне шыққан жас аналар болды»,-деп нақтылады облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Сәуле Мұстафина.

Тағы оқыңыз: Мереке күндері СҚО-да 10 ұрлық жасалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x