Жұмыртқаны еш негізсіз қымбаттатқан құс фабрикасына 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Адель құс» фабрикасы тауық жұмыртқасының бағасын заңсыз көтеріп жіберген. Осы үшін серіктестікке 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға қатысты «Адель құс» ЖШС-де тексеру жүргізілген. Кәсіпорын ҚР Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған бағаларды белгілеу және қолдау жөніндегі келісілген іс-қимылдар бөлігінде заңбұзушылыққа жол берген.  Осы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндіріп алынды. Аталған құс фабрикасы мұндай әрекетке алғаш рет барып тұрған жоқ. 2022 жылдың мамыр айында Қызылжар аудандық сотының қаулысымен аталған нарық субъектісі осындай бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылған еді.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы заңсыз қоқыс үйінділері жойылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x