Заречный кентінің 50-ге жуық тұрғыны эвакуациядан бас тартты

Петропавлға тасқын су жақындап қалды. Қаладағы шеткері аудандарының бірі Заречный кенті су астында қалуы мүмкін. Төтенше жағдайға байланысты құтқарушылар тұғындарды қауіпсіз аймаққа көшіріп жатыр. Алайда 47 адам эвакуациядан бас тартқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Заречный кентінің тұрғындары қазір үйлерін тастап,  көшуге мәжбүр. Себебі, 2017 жылы мұндағы бірқатар үйлерге су кірген. Ал биыл жағдай одан да күрделі болуы мүмкін.

Заречный кентінің 50-ге жуық тұрғыны эвакуациядан бас тартты

«Қазір  заттарымызды алып үйден кетіп бара жатырмыз. Әрине, барлығын алып кете алмаймыз. Дегенмен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін осылай істеуге мәжбүрміз. Негізі үйден кеткіміз келмеді. Осы үйді 3 жыл бұрын сатып алып, жөндеу жүргізгенбіз. Енді су басса қаншама еңбегіміз далада қалады», – деді қала тұрғыны Василий Каваленко.

Бүгіндері Заречный кентінде  полиция мен ТЖД қызметкерлері кезекшілік етуде. Олар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, үйлерінен кеткісі келмейтіндермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өңірге жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаттары да үй иелерімен жүздесті. Қазіргі таңда 47 тұрғын эвакуациялаудан бас тартып отыр. Сондай-ақ 50 үйдің иесі әлі табылған жоқ. Жалпы Заречный ауылында барлығы 900 адам тұрады.

«Біз сіздер үшін алаңдап отырмыз. Ең бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардабын азайту. Сіздердің дүние-мүліктеріңізге ешкім тиіспейді. Ол жағынан уайымдаудың қажеті жоқ. Мұнда тәулік бойы полиция және ТЖД қызметкерлері кезекшілік етеді. Ауыл қоршалған, бейтаныс адамдар кірмейді», – деді мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек.

Заречный кентіндегі тұрғындар бүгін толықтай қауіпсіз жерге көшірілетін болады.

Тағы оқыңыз:Жамбылдықтар тасқын судан зардап шеккен жерлестеріне гуманитарлық көмек жіберді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x