Халықтың әлеуметтік осал топтарына 702 пәтер кілті табысталады

Осы жылдың соңына дейін облыстағы 3 мыңнан астам отбасыға пәтер кілті табысталады. Оның 702-сі халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Айдарбек Сапаров брифингіде өткен жылы өңірде тұрғын үй жоспарланған саннан аз берілгенін айтты. Облыс әкімі кемшіліктерді қарастырып, мәселені шешу үшін мүмкін болатын шараларды қабылдағанын да қоса өтті.

«Құрылысты аяқтау және бюджеттік үйлердің инженерлік желілерін жүргізу үшін қосымша қаржы бөлінді. Қазір 36 көпқабатты тұрғын үй салынуда, оның ішінде 16-сы — коммерциялық үй. Биыл тұрғын үйді іске қосу жоспары — 300 мың шаршы метр. Құрылыс қарқыны арта түсуде. Құрылыс сапасына нұқсан келтірмей, тұрғын үйді мерзімінде іске қосуды қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдаймыз», — деді өңір жетекшісі.

Үстіміздегі жылдың соңына дейін облыста 3 мыңнан астам отбасы пәтер кілтін алады. Оның ішінде 702-сі халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Оның 140-ын жетім балалар алады.

«Алайда бұл көлемдер де жеткіліксіз. Облыс бойынша тұрғын үй алуға кезекте 20 мыңнан астам адам тұр. Біз жыл сайын тұрғын үй аудандарын пайдалануға беру көлемін ұлғайту үшін жұмыс істейміз», — деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қоқыс полигоны салынатын болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x