Петропавлда Есіл өзені арнасынан шығып, тасып жатыр. Осыған байланысты «Новосібір-Челябі» халықаралық маңызы бар автожолы жабылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көлік қозғалысы «Новосібір-Челябі» М-51 халықаралық маңызы бар автожолдың 525-529 шақырым аралығын су басуына байланысты тоқтатылды. Шектеу кеше кешкі 7 кезінде енгізілді. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Заречныйдың өзіне жол бар. Алайда, айналасындағы айналма жол жабылды.
«Жеңіл көліктер Р-49 автожолының 0-8 км арқылы, ал үлкен габаритті жүк көліктері «Петерфельд-Архангелка-Новокаменка» Р-57 автожолы арқылы немесе «Жезқазған-Петропавл» А-16 автожолының 0-30, 519 км, сондай-ақ «Жезқазған-Петропавл» А-16 автожолының 938-954 км арқылы айналып өте алады», — делінген баспасөз хабарламасында.
«Қазгидромет» өкілдерінің ақпаратынша, Петропавл маңында Есіл өзенінің су деңгейі таңғы сағат 8 бен 16:00 аралығында 5 см-ге көтеріліп, 983 см-ге жетті. Айта кетсек, қауіпті меже – 1050 см-ді құрайды.
Тағы оқыңыз: 16 жастағы қызды автобус қағып кетті