Облыс прокурорлары ветеринария саласында заң бұзушылық анықтады. Олар «Ветеринария туралы» Заңның талаптарын сақтамастан, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзған. Ірі қара малға диагностикалық зерттеулер толық көлемде жүргізілмеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс прокурорлары ветеринария саласында заң бұзушылық анықтады.Тексеріс барысында олар ветеринариялық құжаттарды қолдан жасағандығын анықтаған. Ол бойынша қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, аудан әкімдіктері ветеринариялық ережелердің талаптарын бұза отырып, мал қорымдарын тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз етпеген.Және қадағалау органдарының сөзінше, әлі күнге дейін мал сою арнайы орындарда емес, жеке аулада жүргізіліп жатыр екен.
Қадағалау органының актісі бойынша 24 лауазымды тұлға, оның ішінде ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Бұл бұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленуде. Сонымен қатар, уәкілетті органдар малды белгіленбеген жерлерде сойғандықтары үшін адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартпақ.