Уәлиханов ауданында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне  арналған мерекелік жиын өтті. Шара барысында ауданның бір топ белсенді азаматы аудан әкімі атынан алғыс хаттармен марапатталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Қоғамдық келісім мекені» атты мерекелік жиын алдымен көрмеден басталды. Онда қолданбалы өнер және бейнелеу өнері туындылары көпшілікке шығарылды. Бірінші наурызда тойланатын қос мерекенің қазақстандықтар үшін маңызы зор.

Уәлиханов ауданының белсенді азаматтары марапатталды
Уәлиханов ауданының белсенді азаматтары марапатталды

Қазақстан Халқы Ассамблеясы 1995 жылдың бірінші наурызында Тұңғыш Президент жарлығымен құрылған болатын. Ал 2016 жылы бұл күн елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Іс шараға Уәлиханов ауданының әкімінің орынбасары Талғат Сағитов қатысты. Ол жиналған қауымды айтулы датамен құттықтап, аудан әкімінің атынан алғыс хаттарды табыс етті.

Уәлиханов ауданының белсенді азаматтары марапатталды

Олардың қатарында аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күләш Егімбаева да бар. Ол ауданда тіркелген жеті ҮЕҰ-ның бірі «Ақ орамал» қоғамдық әйелдер ұйымына да жетекшілік етеді.

«Бүгінгі күні біздің қоғамымызда аналар кеңесінің маңызы зор. Бұл кеңес тек отбасыларға ғана емес, тұтас қоғамға да үлкен әсер етеді. Бүгін Уәлиханов жеріндегі аудандық аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында аналар кеңесі отырысы өтуде. Аналар кеңесінің басшылығымен ауданымызда бірнеше жоба жұмыс істейді. Өңіріміздің әр ауылдық округтерінде, оларға қарасты әр ауылдарда ауылдық жастарға айтары бар, өмірлік тәжірибесі мол аналарымыз аянбай еңбектенуде. Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық кеңістікті ұштастыра білген Уәлиханов аудандық аналар кеңесі 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ата-баба дәстүрі дегенде, әрине, әдет-ғұрыптың, мінез-құлықтың керегін-керексізін тұтас қабылдай бер деген кеңес бермейміз. Сонымен қатар, аналар кеңесі қоғамдық тәртіпті, мәдениетті, гуманизм мен адамгершілікті дәріптейді. Біз бүгін аналар кеңесінің маңыздылығын атап өтіп, оның қоғамдағы рөлі мен әсерін бірлесіп талқылап, ұрпақ тәрбиесінде ана махаббаты мен ұлағатының басты екенін ұмытпайық», — деді өз сөзінде Күләш Егімбаева.

Бұл күні марапат алғандардың арасында аудан дамуына үлес қосқан жандар да, еңбегімен ерекшеленіп, көпшілік арасында беделі асқан азаматтар да бар. Олардың әрқайсысы тек қоғам мәселесін ғана емес, ұлт мәселесін көтеріп жүр.

 

Мерекелік жиында сонымен қатар, викториналық ойын да, ән де шырқалды. Бұл бірлік пен келісімнің, татулық пен достықтыуң символына айналған қос мерекені айшықтай түсті.

Тағы оқыңыз: Петропавлдан 600 мың текше метр қар шығарылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *