Уәлиханов ауданының әкімі зейнет демалысына шықты

Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев үшін бүгін соңғы жүмыс күні болды. Атқамінер құрметті  зейнет демалысына шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайрат Пішенбаев бар саналы ғұмырын өңіріміздің дамуына арнаған. Еңбек жолын ол 1986 жылы кеңшар кезінде экономист болып бастаған. Кейін 1995 жылға дейін квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді. Одан кейін он жыл бойы «Азық-түлік корпорациясы» жабық акционерлік қоғамында қызмет етті. Әр жылдары Ақжар, Қызылжар және Мағжан Жұмбаев аудандарының әкімі болды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2015-2020 жылдары аралығында облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының жетекшісі болды. Ал 2020 жылдың шілдесінен Уәлиханов ауданының әкімі болып еңбек етті.

Қайрат Пішенбаев 9-шы қаңтарда 63 жасқа толды. Оны туған күнімен Кішкенекөлде аудан активімен болған жиында СҚО әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов құттықтады. Ол Қайрат Сәкенұлына облыс әкімінің атынан құрмет грамотасын табыс етіп, мемлекеттік қызметте ұзақ жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді.

Тағы оқыңыз: Петропавл мектептерінде балаларды тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x