Уәлиханов ауданындағы өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жоспарға сәйкес 21-ші наурызда «Кмd Холди» ЖШС мамандары Сілеті өзенінің 3 учаскесінде жарылыс жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл мұз жару жұмыстарының жалпы ауданы 1200 шаршы метрді құрады. Маңызды іс-шараның тиісті деңгейде өткізілуін аудан басшылығы бақылауда ұстайды. Қауіпсіздікті ауылдық округтің учаскелік полициясы қамтамасыз етті.
Өзендердегі мұз жамылғысын жарып, әлсірету жұмыстары көктемгі су тасқыны кезінде сеңдерден кептеліс болуын азайтады. Өзен бетіндегі мұз еріген кезде су деңгейінің төмен түсуіне септеседі. Сондай-ақ Қулыкөл ауылдық округінің елді мекендерін тілсіз жаудан қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері мұз жару шараларынан кейін, өзен мұзында жарықтар пайда болғанын және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында Ұлттық спорт күніне спорт кешені ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x