Тимирязев ауданында биыл 4,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Биыл Тимирязев ауданында жекеменшікке өтіп кеткен 4,7 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Нәтижесінде елді мекендердің шекаралары 394 гектарға ұлғайды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров жер мәселесіне тоқталды.

«Қазіргі уақытта жалпы ауданы 6,8 мың га болатын 6 субъектіге қатысты жұмыс жүргізілуде. Ол «Ишимское-Агро» ЖШС — 1474 га, «Елімай және М» ЖШС — 918 га, «Сағат-СК» ЖШС — 3130 га, «Қайнат» ЖШС-58 га,»Озов р. ш.» ШҚ -68 га, «Райт-АА» ЖШС-1226 га жер», — деді Ерлан Жаров.

Сот тәртібімен Хмельницкий ауылдық округіндегі 187 га жер  қайтарылды. Бұдан басқа, шетелдік азаматтардан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында тұрғындар 15 жыл күткен жол жөнделді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *