Бүгін Абай облысындағы өрттен мерт болған 14 адамның отбасына пәтер кілттері табысталды. Сонымен қатар, тракторшы С. Н. Архиповтың жақындарына да осындай қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгін Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың жақындарына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін табыстады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, берілген баспаналардың іші барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толған. Марқұм болған қызметкерлердің туған-туыстарына алдағы уақытта да қолдау мен көмек көрсетіліп тұрады.
Тағы оқыңыз: 17 жасқа дейінгі балалар тегін ұшу мүмкіндігіне ие болды