Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасын бекіту туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тұжырымдама 6 бөлімнен және іс-қимылдар жоспарынан тұрады. Басты міндеттің бірі — қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру. Жалпы, тұжырымдаманы іске асыру аясында 2029 жылға қарай мына нәтижелерге жетуге мүмкіндік бермек:

— республика бойынша қазақ тілінде сөйлейтін тұрғындардың үлесі -84%;

— үш тілде сөйлейтін тұрғындардың үлесі — 32%;

— жаңа әліпби мен емле ережесін оқыту курсымен қамтылған тұрғындар үлесі — 15%;

— орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі — 94%;

— қазақ тілінің латын графикалы әліпбиінің емле ережесіне негізделген терминологиялық қордың үлесі — 40%.

Қаулы 16 қазаннан бастап күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Полицей көпірден өзенге құлап кеткен әйел адамға көмек көрсетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *