Темір тапшылығы анемиясының алдын-алу жолдары: маман кеңесі

Темір тапшылығы анемиясы – анемияның ең көп таралған түрі. Мұның салдарынан адам тез шаршап, бойын әлсіздік билейді. Одан қалды, басы айналып, шашы жиі түсіп, тырнағы сынғыш болып кетеді. Анемияның алдын алу үшін не істеу қажет? Сұрақ жауабын Qazaqstan Media тілшісі анықтап көрді.

Темір – ағзамызға қажетті микроэлементтердің ішінде ең маңыздысы. Оның басты рөлі бойдағы барлық жасушалар мен мүшелерге оттегін жеткізу болып табылады. Егер темір жеткілікті деңгейде болмаса, қандағы эритроциттер мен гемоглобин төмендеп кетеді. Осыдан адам тез шаршап, жұмысқа қабілеттегі азаяды. Басы жиі айналып, шашы түсе беретін болады. Сонымен қатар, терісі бозарып, тырнағы сынғыш болып кетеді. Кей кездері тілдің ұшы ашып, шаншу сияқты жағымсыз сезімдер пайда болады.

«Әдетте адам темір тапшылығы анемиясының дамығандығын байқамай қалуы мүмкін. Егер бойды жиі әлсіздік билейтін болса, бірден дәрігерлерге жүгінген дұрыс. Ал, бұған жеткізбеудің ең тиімді әрі қолжетімді жолы – байытылған  ұнды пайдалану. Өйткені, қазір азық-түліктің көпшілігі технологиялық өңдеуден кейін пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Оларды қалпына келтірудің ең жақсы тәсілі — байыту. Атап айтқанда, ұн — дәрумендер мен микроэлементтермен нығайтылғаннан кейін адам ағзасына шынымен пайдалы болады», — деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Гүлшат Асылбекова.

Фортификация — ұнтақтау кезінде ұнға аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды енгізу процесі, бұл өнімнің сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Фортификация ұнның органолептикалық және басқа қасиеттеріне мүлдем әсер етпейді және жанама әсерлер тудырмайды. Байытуға тек жоғары және бірінші сортты ұн жатады, оны дайындау кезінде астық құрамында микроэлементтердің ең көп мөлшері бар қабықтан тазартылады.

«Зерттеу нәтижелері байытылған ұнды қолдану темір тапшылығы анемиясының таралуын 30%-ға төмендететінін көрсетті. Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін темір дәне фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды тұтынған дұрыс», — дейді Гүлшат Асылбекова.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ішімдікке тойып алған ер адам полицейлерге бағынбаған

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x