М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне жаңа басшы келді. Енді оқу ордасын СҚО-ның бұрынғы депутаты, қоғам қайраткері, танымал блогер Ғалым Байтұқ басқарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ғалым Байтұқ СҚО тумасы. Ол өзі 90-шы жылдары осы оқу ордасының қабырғасында білім алып, еңбек жолын да осында бастаған.
Ал 2010-2012 жылдары СҚО әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып еңбек еткен. Кейін қалалық және облыстық мәслихаттың депутаты да болды.
Осы тағайындауға дейін ол Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, бірінші проректоры болған.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған Ғалым Байтұқ «Құрмет», «Парасат» және Бауыржан Момышұлы атындағы ордендердің иегері.
Тағы оқыңыз: Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген петропавлдық қамауға алынды