Танымал блогер М. Қозыбаев атындағы СҚУ басқармақ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне жаңа басшы келді. Енді оқу ордасын СҚО-ның бұрынғы депутаты, қоғам қайраткері, танымал блогер Ғалым Байтұқ басқарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ғалым Байтұқ СҚО тумасы. Ол өзі 90-шы жылдары осы оқу ордасының қабырғасында білім алып, еңбек жолын да осында бастаған.

Ал 2010-2012 жылдары СҚО әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып еңбек еткен. Кейін қалалық және облыстық мәслихаттың депутаты да болды.

Осы тағайындауға дейін ол Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, бірінші проректоры болған. 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалған Ғалым Байтұқ «Құрмет», «Парасат» және Бауыржан Момышұлы атындағы ордендердің иегері.

Тағы оқыңыз: Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген петропавлдық қамауға алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x